Ұлттық тағамдардың емдік қасиетін білесіз бе?
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қазақта сырқаттанып қалған кезде ішіп-жейтін тамақ пен азық-түліктің түрлері болған, деп жазады El.kz интернет порталы.
Тарих ғылымдарының кандидаты, қазақ тағамдарын зерттеуші Әйгерім Мұсағажинованың айтуынша, бірінші кезекте сүт өнімдері тұрады.
Мәселен, саумал немесе түйе сүті бар. Бұларды қазақтың табиғи суперфуды дей аламыз. Сондай-ақ коронавирус кезінде қойдың құйрық майын іздеп кеткенімізді еске түсіріңіз. Бұл да тұмауға қарсы қолдануға жарайтын бірегей дүние, - дейді ол.
Қазірдің өзінде ауылдық жердегі көп адам салқын тисе немесе жөтеліп қалса сүтті ысытып оған қолдың майын салып ішеді. Бұл құрғаған тамақты жібітіп, қақырықтың түсуіне көмектеседі.
Емдік қасиеті бар тағы бір тағам — сүйек сорпасы. Оны әдетте көктемде дайындаған. Үлкен қазанға көп сүйек салып, мұқият араластырып отырып қайнатқан. Мұндай сорпаны «томыртқа» деп атаған. Денсаулыққа пайдалы және жалпы ағзаны нығайтады деп білгендіктен, томыртқаны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бәріне ішкізетін, - дейді Әйгерім Мұсағажинова.
Айтуынша, қазір ұмыт болған, бірақ кезінде ата-бабалпрымыз жиі ішкен тағам түрлері аз болмаған. Соның бірі коллаген-паштет. Қартаны бірнеше сағат айранда немесе басқадай бір ашымалы сусынға салып қойып, артынша күнбағыс майына жақсылап шылап аласың. Сосын көкөніс сорпасында қайнатып, кейін блендерге салып майдалап, араластырып, бұдан соң үстіне зәйтүн майын құйса, тамаша хумус дайын деген сөз. Мұндай паштетті нанға жағып жеуге болады. Бұл — дәруменге бай табиғи коллаген және толыққанды таңғы ас.

