Айзат Жолдасова

Ұлттық спорт күні: «Арғымақ» атшабарындағы наурыз-думан

20.03.2026 19:35

Наурызнама онкүндігі аясында «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде қызықты іс-шара өтті. Елорда тұрғындары ұлттық ойындар шоу-көрсетілімін тамашалап, наурыз көжеден дәм татты. 

Көкпар тартып,  қыз қуу...

«Арғымақ» атшабарындағы Ұлттық спорт күнінде көрермен қыз қуу, аударыспақ, көкпар мен теңге ілу сияқты ұлттық ойындарды тамашалады. Мұнда әуесқой шабандоздар мен конкур спортын дәріптеп жүрген қыз-жігіттер өнер көрсетті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені (@arqymaq_sport_kesheni)

Оған қоса салтанатты шеру өткені тағы бар. Кешен қызметкерлері өзара арқан тартып, сайыста  «Иппотерапия» бөлімінің жігіттері жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттап, сыйлық берді. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ToLegend (@tolegend.art)

Осы кешендегі ұйымдастыру бөлімінің  жетекшісі Әбілхан Жеңісұлының  айтуынша, мұндай наурыз-думан осымен үшін жыл қатарынан өткен. 

Наурыз барынша дәріптеп, соның ішінде Ұлттық спортты ұлықтауға барымызды салып жүрміз. Барша қазақстандықтарды әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Атшабар манежі халықаралық стандартқа сай, сондықтан жылдың қай мезгілінде болмасын жарыс өткізуге болады. Күнтізбеде мереке болғанымен, елорда ақ көрпеге жамылып тұр. Сондықтан қала тұрғындарын қуанту үшін ұлттық спорт түрлерінен шоу-көрсетілім жасап, дәм ұсындық. Өкінішке қарай, тазы иттер мен қыран құстар көрмесін ұйымдастыра алмадық. Өйткені тазылар өзге өңірдегі мерекелік көрсетілімге қатысады. Ал кешенде құсбегілік бөлім жоқ, – дейді ол. 

Әжелер жиналған жұртқа ұлттық тағам ұсынып, наурыз-шашу шашты. Балаларға тәтті таратып, бауырсақ үлестірді.

кешен қызметкерлері 
шоу-көрсетілімнен кейін атшабарда конкур спортынан дайындық сабағы басталды

«Мәдени ұқсастықты байқадым»

Іс-шараға жергілікті тұрғындардан бөлек, шетелдіктер де келді. Олардың арасында қытайлық Ли Ю Кун де бар. Ол Еуразия ұлттық университетінде Мәдениеттану мамандығы бойынша  магистратурада білім алып жүр. Оны атшабардағы наурыз-думанға топтастары алып келген. Жанбота Қажымұраттың айтуынша, Ли өзі сұранып, мереке қарсаңындағы іс-шараға ертіп баруын өтінген. 

Ли Ю Кун, ЕҰУ-дың Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат  факультетінің магистранты

Маған  Наурыз мерекесі қытайдың Жаңа жылын еске түсіреді. Бізде жаңа жылды бір ай тойлаймыз, демаламыз. Қазақстанда да ұлттық жаңа жылды әдемі қарсы алады. Жұрт қысты шығарып салып, көктемді қарсы алады. Мен осы тұстан екі халықтың мәдениетіндегі ұқсастықты байқадым. Бүгін іс-шарадан ат спорты түрлерін тамашалап, әсіресе, көкпарды ұнаттым. Осындай думанға әкелген достарыма рақмет, – деді Ли. 

Лидің достары оны Қазақ елі монуметіндегі мерекеге, орталық алаңдағы салтанатты кешке, дрон-шоуына және тағы басқа мерекелік жиынға ертіп апарпақ. Қытайлық магистрант қонақжай, мейірбан қазақ халқына дән риза.