Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайдың келесі басқосуы Атырауда өтеді

Ұлттық құрылтайдың келесі басқосуы Атырауда өтеді
Фото: Akorda.kz 17.06.2023 17:51 1513

Ұлттық құрылтайдың үшінші басқосуы келесі жылы Атырау облысында өтетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркістандағы басқосуда Мемлекет басшысы мәлімдеді. 

Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Ұлттық құрылтайдағы сөзінде. 

Былтыр алғаш рет өткен Ұлттық құрылтайдың  отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында ұйымдастырылған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға