Жаңалықтар

Ұлттық құрама қоржыны 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен толықты

Стенд атудан Ұлттық құрама қоржынында 5 медаль бар
Ұлттық құрама қоржыны  2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен толықты
Фото: gov.kz 25.02.2023 16:55 932

Осы күндері Кувейт астанасында стенд атудан Азия Кубогы өтіп жатыр. Сары құрлықтың 350-ден астам мергенін жинаған бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 5 жүлдеге (2 алтын, 1 күміс пен 2 қола) қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтар болсақ, скит бағдарламасы қазақстандықтар үшін олжалы болды. Әуелі Ольга Панарина әйелдер арасында ешкімге дес бермеді. Осы сайыста тағы бір отандасымыз Әсем Орынбай үздік үштікті түйіндесе, Зоя Кравченко 5-сатыдан көрінді.

Ерлер арасындағы скит бағдарламасында Эдуард Ещенко қола жүлдеге ие болды.

Ал Әсем Орынбай, Зоя Кравченко мен Ольга Панарина үштігі командалық сында алтыннан алқа тақса, ерлер құрамасы (Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон, Артём Седельников) күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Эль-Кувейт қаласындағы дода 2 наурызда аяқталады. Қазақстан құрамасы сапында барлығы 28 атлет осы Кубокке аттанған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға