Жаңалықтар

Ұлттық қордан бюджетке 2 трлн теңге алуға мәжбүр болдық - министр

Ұлттық қордан бюджетке 2 трлн теңге алуға мәжбүр болдық - министр
Фото: ©El.kz/Мәди Ысқақов 15.10.2024 12:48 558

Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев нысаналы трансферттен бюджетке 2 триллион теңге сомасында қаржы тартылғанын айтты. Тілшілер баспасөз мәслихатында министрден «қаражат Ұлттық қордан алынды ма және қаржы не үшін қажет болды?» деп сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған сауалға қаржы министрі Мәди Тәкиев қаражаттың қосымша Ұлттық қордан алынғанын растады.

Бүгінгі таңда бюджеттің тапшылығы бар. Сондықтан біз өзіміз Ұлттық қордан алуға мәжбүр болдық. Ол ақша бірінші кезекте өңірлерге трансферт ретінде кетеді және әлеуметтік жобаларға жұмсалатын ақша, – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Мәди Тәкиев республикалық бюджетке трансферттер түсімдері 4,5 триллион теңгені, оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 2 триллион теңге құрағанын, нысаналы трансферттен 2 триллион теңге сомасында тартылғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға