Жаңалықтар

Ұлттық қордағы ақшаға баланың ата-анасы қосымша қаржы құя ма?

Ұлттық қордағы ақшаға баланың ата-анасы қосымша қаржы құя ма?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.06.2023 11:17 653

Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева Ұлттық қор ақшасына қосымша қаржы құю мүмкіндігі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, заң жобасында кәмелет жасына толмаған балаларға Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігі есебінен қаражат аударылатыны жазылған. Алайда, әлемдік тәжірибеге жүгінетін болсақ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур және тағы да басқа елдерде ұлттық байлық есебінен берілетін қаражатқа ата-анасы немесе демеушілер тарапынан қосымша қаржы құйып, толықтыру мүмкіндігі көзделген.

Заң жобасында аталған мақсатты талаптарға баланың ата-анасы немесе демеушілері есебінен қоса қаржыландыру тетігін енгізу қаншалықты мүмкін болады?, - деп сұрады Гауһар Танашева.

Ал заң жобасын таныстырған Үнзила Шапақ заңда мұндай норма қарастырылмағанын атап өтті.

Баланың ата-анасы болсын немесе басқа да демеушілердің тарапынан тікелей қоса қаржыландыру бұл заңның жобасында көзделмеген. Себебі, мақсатты талаптарды іс жүзінде Ұлттық қорда болады. Сондықтан 18 жасқа толғанда ғана ол ақшаға тікелей қол жеткізе алады. Ал 18 жасқа толғаннан кейін баланың немесе ата-анасының жеке қаражаттарын мақсатты талаптарға қосуына ешқандай тыйым салынбайды, - деп жауап берді Үнзила Шапақ.

Яғни, оқу-білімге немесе үй алған кезде Ұлттық қор ақшасына ата-аналары өз қаржысын қосуына толықтай мүмкіндік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға