Жаңалықтар

Ұлттық превентивті механизміне 10 жыл толды

Ұлттық превентивті механизміне 10 жыл толды
02.07.2023 21:45 1113

2013 жылғы 2 шілдеде Қазақстанда азаптауға қарсы күрестің ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан БҰҰ конвенциясын және азаптауға, басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жазалау түрлеріне қарсы Факультативтік хаттаманы ратификациялады.

Ұлттық алдын алу механизмі БҰҰ-ның көрсетілген халықаралық шарттарына сәйкес құрылған заңсыз айналым түрлерінің алдын алудың тұтас жүйесі.

Аталған институттың мақсаты - Қазақстан азаматтарын соттар мен құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде адамдар уақытша орналастырылатын мекемелер мен ұйымдарға тәуелсіз профилактикалық сараптамалық баруды жүзеге асыру.

Қатысушылардың құрамына азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің арасынан іріктелетін ел азаматтары, сондай-ақ заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер кіреді.

Осы институтты тиімді үйлестіру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанынан консультативтік-кеңесші орган – Үйлестіру кеңесі (КС) құрылды.

Үйлестіру кеңесі азаптаудың алдын алу жөніндегі Кіші Комитетпен өзара іс-қимыл жасайды, ҰАТ қатысушыларын іріктейді, өңірлік топтар құрады және олардың басшыларын тағайындайды, жабық мекемелерге бару жоспарын айқындайды және есептерді қабылдайды. Ұлттық превентивті тетік қатысушылары шоғырландырылған баяндамасын дайындайды, сондай-ақ ҰАТ шеңберінде Омбудсмен мандатын іске асыруға жәрдемдеседі.

Аталған институт құрылған сәттен бастап оны дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Мандатты мекемелерді қамту 597-ден 3434-ке дейін кеңейтілді. ҰАТ қатысушыларының саны 136-ға дейін ұлғайды. Мекемелерге  алдын-ала бару сапарлары әдістемесі және тағы басқа жұмысты жетілдіретін тәсілдер қолданып келеді.

Бей-жай қарамау мен жауапты жұмыстың арқасында, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстау, азаптау, қатыгездік және жазалау жағдайларына байланысты құқық қорғау органдарының, пенитенциарлық мекемелердің жұмысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Ұлттық превентивті тетік қатысушылары 5 мыңнан астам мекемелерді аралап, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 10 мың ұсынымдар берді.

Омбудсмен және оның кеңсесі осы институтты одан әрі жетілдіру, оның қатысушыларының тәуелсіздігін күшейту және олардың әлеуетін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Ұлттық превентивті тетік қатысушыларын 20 жылдығымен  құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, жұмыста табыс тілейді!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға