Жаңалықтар

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері 2 мыңнан астам операция жасады

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері 2 мыңнан астам операция жасады
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 24.08.2023 22:32 884

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық денсаулық сақтау флагмандарының бірі - Ұлттық нейрохирургия орталығы өзінің 15 жылдығын әлемдік озық практикаларды енгізу, жаңа инновациялық технологияларды игеру және пациенттерді емдеудің табысты нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бірегей әдістерді қолдану жолындағы кезекті кәсіби жетістіктерімен атап өтеді.

Биыл Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері 2000-нан астам операция жасады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары. Ашылу күнінен бастап орталықта 40 000-нан астам операция жүргізілді, бұрын Қазақстан мен Орталық Азияда қолданылмаған 70 жаңа технология енгізілді.

Соңғы бірегей оқиғалардың бірі Орталықтың базасында стереотактикалық радиохирургияға арналған заманауи кешенді – Орталық Азия аумағындағы жалғыз гамма-пышақты іске қосудан тұрады. 2 жылдың ішінде Гамма-пышақ аппаратында 1000-нан астам клиникалық жағдай емделді.

 Орталық медициналық технологиялардың республика өңірлеріне трансфертін тұрақты негізде жүзеге асырады. Бұл омыртқа мен жұлын хирургиясындағы инновациялық технологиялар, нейроонкологиядағы микронейрохирургия, геморрагиялық инсультті емдеудің ең аз инвазивті әдістері, ми мен омыртқаға эндоскопиялық операциялар болып табылады.

Орталық жұмысының 15 жылында өңірлерге 65 технология трансферт жүргізілді. Мәселен, осы жылдың сәуір айында ҰНО хирургтары Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен "Гипофиз және бас сүйегінің негізі хирургиясындағы 3D инновациялық технологиялары"технологиясымен бөлісті.

Орталықтың өзінде жыл басынан бері 4 жаңа технология мен емдеу әдісі енгізілді. Бұл "Жұлынның интрадуралдық экстрамедулярлық ісіктерін алып тастаудағы аз инвазивті артқы қолжетімділік", соның арқасында байлам аппараты мен омыртқа доғаларының ятрогендік зақымдану ықтималдығы азаяды, қан жоғалту азаяды және осының барлығы бірге пациенттің операциядан кейінгі тез қалпына келуіне әкеледі. Келесі әдіс – ісік зақымдануларында, инфекцияларда, демиелинизациялау процестерінде, эпилепсияда және мидың ишемиялық инсультінде тіндердің өзгеруін анықтау үшін қолданылатын "Мидың магниттік-резонанстық спектроскопиясы (SVS)". Ми тіндерінің химиялық құрамы мен метаболиттері анықталады. Қолданыстағы MР-перфузиясымен (rCBV)  МР-спектороскопиясының комбинациясы әдістің сезімталдығын айтарлықтай арттырады.

ҰНО базасында сондай-ақ "МРТ трактография (DTI)" зерттеудің озық әдісі енгізілді, ол ми ісіктерін кешенді емдеуден кейін өткізгіш жол құрылымдарының зақымдану көлемін, ісік регрессиясының дәрежесін анықтау арқылы мидың аксоналдық зақымдануының нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Мидың неоплазмаларын сәтті емдеу үшін молекулалық-цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық нерв жүйесі ісіктерінің биобанкін құру бойынша ҰНО шешімі үлкен рөл атқарады. Орталық нерв жүйесінің патологиялары биобанкінің негізінде молекулалық биология мен глиомогенездің іргелі зерттеулері, сондай-ақ қазіргі заманғы ісікке қарсы дәрілік препараттарды іздеу және жасау, олардың тиімділігін анықтау әдістері, ісік дамуының ықтимал қауіп факторларын және оларды тиімді мониторингілеу тәсілдерін зерттеу бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Орталықтың дәрігерлері нерв жүйесінің, мидың ауруларының профилактикасына бірдей мән береді. 2023 жылдың ақпан және маусым айларында 8 күн ашық есік күні өткізілді, оның барысында Орталықтың жетекші нейрохирургтары әртүрлі өңірлердегі пациенттерге тегін жеке консультация берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға