Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты
EL.KZ Информационно-познавательный портал
07.03.2023 09:09
Фото:
ҚТЖ
Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелікТальго жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 наурызда елорда вокзалынан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.
Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.
Тальго этнопойызы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.

