Жаңалықтар

Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады

Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 09.09.2024 19:11 307

2024 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрме халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсететін бірегей мәдени кеңістік құруға бағытталған.

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесіне қазақ жанының болмысын бейнелейтін, оның қайталанбас үнін қалыптастырған, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар беретін құндылықтар, танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлықтары ұсынылады.

Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерден құралған:

«Шабыт көздері» – әртістің өмірбаяны, өскен ортасы, балалық шағы мен шығармашылық жолын көрсететін заттар (фотосуреттер, жекелеген заттар);

«Даңққа апарар жол» – кәсіби білім жолында алған дипломдары, республикалық, халықаралық байқауларда иеленген марапаттары және тағы басқа;

«Жанкүйерлер махаббаты» – әртістің жанкүйерлері тарту еткен сыйлықтар;

«Ұлт мәдениетінің жаршысы» – әлемдік аренада ұлттық мәдениет пен брендтің танылуына ықпал ететін Димаштың заттары (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдері, баспа материалдары және тағы басқа).

Көрме 6 қазанға дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға