Жаңалықтар

Ұлттық музейде ауған қазақтарының кілем көрмесі ашылды

Ұлттық музейде ауған қазақтарының кілем көрмесі ашылды
Фото: gov.kz 27.12.2023 23:03 739

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Уақыт құшағында» атты ауған қазақтарының кілем көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Көрермен назарына кілем өндірісінде алдыңғы қатарлы қолөнер бұйымдарын дайындайтын «Nasim Nayman Qazaq Karpet» компаниясының кілемдері ұсынылған. Компания басшысы – Нәсим Найман кішкентайынан кілем тоқу ісімен айналысып, Ауғанстанда кілемді қолмен тоқу өнеркәсібінің дамуына септігін тигізді.

Халқымыздың қолөнерін дамытуға бағытталған шаралар үшін Ұлттық музейдің есігі әрқашанда ашық екенін айтып өткім келеді. Оның бір мысалы ретінде биылғы жылы Ұлттық музейде ашылған «Қолөнершілер орталығын» атап өтуге болады. Бүгінгі орын алып отырған көрме де осының дәлелі. Бұл көрменің ерекшелігі – сонау Ауғанстан жеріндегі өзіміздің бауырларымыз тоқыған кілемдердің халық назарына ұсынылуы. Олар осы өнерді керемет дамытып қана қоймай, оны әлемдік деңгейде насихаттап жүргеніне көз жеткіздік, - деді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы Саялбек Ғизатов.

Көрмеге 2023 жылы тоқылған және түрлі композициялық сюжеттерді ұсынатын 60-қа жуық кілем қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға