25 Наурыз 2023, 22:43

Ұлттық мәдениет және урбанизация I Наурыз 2023

Қоян жылы есіктен кірген шақта Еl.kz ақпарат агенттігі Наурыз мейрамының құрметіне орай арнайы мерекелік бағдарлама дайындады. Студияда жыл басы – Наурыз бен ұлттық болмыс туралы әңгіме өрбіді. Бағдарлама жүргізушісі Олжас Сәндібек ұлттық қадір-қасиетті тақырыпқа арқау етті.

Журналист «Наурызды тек 22-25 наурызда ғана тойлап, қалған жыл он екі айда ұмыт қалмай ма?» деген мәселені көтерді. Студия қонақтары журналист, этнограф Ұлағат Ханзада және ұлттық тағамдар мен ұлттық спортты дәріптеуші Досат Құмарұлымен түйткілді  сауалдарға тұщымды жауап берді. 

Қазақ урбанизацияға көшкен заманда ұлттық құндылықты дәріптеу қажеттігін алға тартқан Ұлағат Ханзада: «Қазір қазақтың ұлттық құндылығы бағалы экспонат секілді, трафейге айналып барады. Болмысқа негізгі қауіп урбандалудан келіп отыр» деді. 


Ал Досат Құмарұлы замана көшінен де қалмай, салт-дәстүрді де ұмытпай, ұрпақтарға жеткізу керек дейді. Спикер ұлттық болмыстың бір жетістігі ретінде Көкпар федерациясының ашылуын мысалға келтірді.

Сондай-ақ қазақ киімінің мәдениеті, оны күнделікті өмірде киюге қатысты өзекті мәселелер айтылды. Ұлттық тағамды дәріптеу мен отандық туризммен қоса, қазақ асханасын қалай дамытқан жөн? Ұлтты дәріптеудегі осы және өзге де елеулі дүниені El.kz ақпарат агенттігінің бағдарламасынан тамашалай аласыздар.

Бөлісу: