Ұлттық кітапханада «Бибі-Сана» кітабының тұсаукесері өтті
14.10.2025 23:50
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық кітапханада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, әдебиеттанушылар, оқырмандар мен журналистер қатысты.
Кеш аясында «Бибі-Сана» кітабының түрік және орыс тілдеріндегі аудармалары, сондай-ақ Брайль қарпіндегі арнайы басылымы алғаш рет көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптың дайындалуы мен техникалық ерекшеліктеріне қатысты баяндама оқылды.
Шара барысында жазушының қоғамдағы белсенділігі мен қайырымдылық бағытындағы бастамалары жайлы айтылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

