pixabay.com

«Ұлттық кітап» байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

15.01.2025 12:34

Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру. Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

  • Балаларға арналған үздік кітап
  • Үздік комикс
  • Нон фикшн жанрындағы үздік кітап Детектив жанрындағы үздік кітап Сатира жанрындағы үздік кітап
  • Үздік илюстрациялық кітап
  • Үздік аударма кітабы
  • Фантастика жанрындағы үздік кітап
  • Үздік баспа
  •  «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы

Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді. Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.

Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788, +7 727 397 61 15. Айта кетсек, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – «Ұлттық кітап күні» бекітілді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.