Жаңалықтар

Ұлттық киіммен қажылыққа барған Жазира Байырбекова көпшілікті таңғалдырды

Ұлттық киіммен қажылыққа барған Жазира Байырбекова көпшілікті таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр 25.01.2024 09:37 5696

Танымал әнші Жазира Байырбекова Умра сапарында қазақтың ұлттық киімін киіп жүргенін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді, - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары да өнер иесінің видеосына пікірін білдіріп, ұлттық киімді дәріптеу туралы ойын жазып жатыр.

"Арабтың қайдағы бір киімін мақтағанша, осылай киініп мақтанса ғой... Қандай жарасымды", "Арабтардың өзі мойнын бұрып қарап өтіп жатыр.Еш уақытта олардың киіміне біз мұқтаж емеспіз", "Міне керемет тұмшаланып жүрген қыздарға үлгі болсыншы, әр қазағымның қызы киіп жүрсе қандай тамаша", "Керемет! Өте жарасымды! Біздің көрсе көзі қызар, қараса көзі тоймас керемет ұлттық киімімізге жететін киім жоқ деп білемін!", - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға