Жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz 12.06.2023 23:45 552

Ұлттық экономика министрлігі тергеуге алынған Ілияс Өсеровті қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүған дейін БАҚ-та ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ілияс Өсеров өткен жылы наурызда Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызмет жолын 2007 жылы «Сбербанк» АҚ менеджері, жетекші маманы, әкімшісі болып бастаған еді. Түрлі жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігінде, Алматы қалалық әкімдігінде қызмет атқарды.

2019 жылдың мамырынан соңғы қызметіне дейін Алматы әкімінің орынбасары болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға