Жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: facebook.com/abzal.abdikarimov 16.05.2024 23:05 1291

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов қызметінен кетті. Бұл туралы вице-министрдің өзі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2,5 жылға жуық уақыт демде өте шықты. Атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер аз емес. Оның барлығын тізіп жазып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Елдің игілігі үшін қызмет етуге, мемлекетшіл болуға және өзіме жүктелген барлық міндеттерді адал атқаруға тырыстым.

Қолдау көрсеткен барлық Үкімет басшыларына, әріптестеріме, мемлекет қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін!

Жалпы, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Осы Министрлікте істеу мен үшін мәртебе және үлкен мектеп.

Енді жаңа белестер, жаңа кезеңдер күтіп тұр. Ең бастысы - елдің ризашылығына бөлену, - деп жазды ол.

Әзірге Үкімет бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне 2022 жылғы 13 қаңтарда тағайындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға