Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Ұлттық экономика министрінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
Фото: inbusiness.kz 14.02.2023 17:31 798

Ләззат Рамазанова Ұлттық экономика министрінің әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ләззат Керімқұлқызы Рамазанова 1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын банк жүйесінде бастады.

1995-1998 жылдары – Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Қазақстанның Бас консулдығында жұмыс істеген.

1998-1999 жылдары – Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-атташесі.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі хатшылығының консультанты.

2002 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің бөлім бастығы.

2003-2005 жылдары – «Dala tour» ЖШС бас директоры.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ҚБК Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, орындалуын бағалау департаментінің директоры.

2013-2019 жылдары – «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының меңгерушісі.

2015 жылдан «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесінің төрағасы.

2019 жылы «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2019 жылдың қазан айынан бастап «Атамекен» ҰКП төралқасының мүшесі.

2019 жылдың қараша айынан бастап «ECOJER» қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы Кеңесінің Төрайымы.

2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.

2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдары, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға