Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

24.02.2023 10:51

Әлібек Қуантыров Түркістан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Сондай-ақ, Шардара ауданының Жаушықұм ауылында ҰЭМ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдайды.

25 ақпанда Түркістан қаласында министр кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылайды және өнеркәсіптік нысандарға барады.