Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі Көкшетаудағы қазандықтарды тексерді

Ұлттық экономика министрі Көкшетаудағы қазандықтарды тексерді
Фото: gov.kz 28.12.2023 20:02 705

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров полипропилен ыдыстарын өндіретін «Новопэк» ЖШС-нің қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зауыт айына 10 млн. қап және 200 мың «Биг-Бэг» типті контейнерлер шығарады.

Кәсіпорын заманауи жабдықтармен жабдықталған, тауарларды ел ішінде сатып қана қоймайды, Тәжікстан мен Өзбекстан және Ресей сынды елдерге өз өнімдерін тасымалдайды.

Министр өз сөзінде мемлекет ішкі нарықты қажетті өнімдермен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға, оның ішінде жаңа құралдар аясында қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Мүмкіндігінше көп өндірісті қамту үшін субсидиялаудан кепілдік беруге көшетін боламыз. Субсидиялау негізінен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады. Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар экспорттық әлеуетке қол жеткізді. Бүгінде олар пайда тауып, ішкі нарықты қамтамасыз етуде,-деді министр.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында ҰЭМ басшысы аудандық екі қазандық орналасқан «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-де (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) болды.

Желілердің тозуы 45,7%-ды құрайды.

2023 жылы 366 138 мың теңге сомасына инвестициялық бағдарлама бекітілді.

2024 жылға 366 138 мың теңге көлемінде инвестициялық бағдарлама бекітілді.

Сонымен қатар биылғы жылы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК жұмысшылардың жалақысын көтеру бойынша өтініш білдірген болатын.

2024 жылы өндірістік персоналдың жалақысы 84%-ға өседі. Бұған қоса, Үкімет қаражаты есебінен 2 млрд. теңге көлемінде екі қазандықтың түтін құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 3,3 км болатын жылу желілерінің құбырлары да ауыстырылды.

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар үшін электр энергиясын (отынмен ұқсастығы бойынша) стратегиялық тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсынысты алға тартты.

Ә.Қуантыров бұл мәселе егжей-тегжейлі пысықтауды қажет ететінін және басқа мемлекеттік органдармен міндетті түрде қаралатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға