Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі халықаралық сарапшылармен кездесу өткізді

Әлібек Қуантыров «Орта дәліз: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» атты өңірлік семинарға қатысты
Ұлттық экономика министрі халықаралық сарапшылармен кездесу өткізді
Фото: ҚР ҰЭМ 16.04.2023 19:40 786

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы көктемгі кездесулерінің соңғы күні Әлібек Қуантыров Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша «Орта дәліз: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» атты өңірлік семинарға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 

Жиында ТХКБ-ның әлеуетін толық ашу мәселесі көтерілді. Қатысушылар логистиканы дамыту және инфрақұрылымды жақсарту арқылы Азиядан Еуропаға жүк ағынын кеңейту шаралар туралы пікір алмасты. Аталған мәселелерді шешу үшін тараптар ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылды нығайтуға келісті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация ДБ бас экономисі Индермит Гиллмен және Дүниежүзілік банктің әділ өсу, қаржы және институттар жөніндегі Вице-президенті Пабло Сааведрамен кездесті.

Тараптар жаһандық және өңірлік экономикалық дамудың өзекті мәселелері мен перспективаларын, соның ішінде көлік және өндіріс тізбегіндегі үзілістердің салдарын, сондай-ақ инфляцияны тежеу ​​шараларын талқылады.

Бұдан бөлек Әлібек Қуантыров Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен макроболжау және модельдеу, сондай-ақ фискалдық саясатты жетілдіру бойынша техникалық көмек көрсету мәселелерін талқылады.

АҚШ-қа жұмыс сапары соңында ҰЭМ басшысы Латвия Республикасының бастамасымен қаржы министрі Арвилс Ашераденспен кездесу өткізді. Тараптар тауар айналымын арттыру және стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту шараларын қарастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға