Жаңалықтар

Ұлттық банк Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуды жоспарлап отыр

Ұлттық банк Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуды жоспарлап отыр
Фото: © El.kz / Артем Чурсинов 01.04.2024 10:21 3853

1 сәуір күні Ұлттық банк Қазақстан қор нарығындағы ахуалды баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк мәліметінше, наурыз айында теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгеге дейін қалыптасты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 187 млн АҚШ долларынан 225 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін наурызда 748 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын және күніне 44 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Ұлттық банк наурызда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 13%-ын құрады.

Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы сәуірде Ұлттық Банк Ұлттық қордан 1 млрд АҚШ долларынан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді. 2024 жылғы сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтіледі, - делінген хабарламада.

Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана беретінін алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға