Жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.11.2023 10:58 1603

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов Үкімет отырысында жыл басынан бері теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, жыл басынан бері теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 469,64 теңгеге дейін – 1,5%-ке әлсіреген.

Қазан айында 1,1% болды. Теңгенің әлсіреуі бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты. Біріншіден, бұл – доллардың жаһандық нығаюы. Оған АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етуде, – деді ол.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында валюта сату теңгеге қолдау көрсетілген. Жыл басынан бері 7,5 миллиард АҚШ доллары сатылса, қазан айында 1,5 миллиард АҚШ долларын құраған.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттердің капитал ағыны жыл басынан 267 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық банк еркін бағам белгілеу режимін ұстана береді және валюталық интервенциялар жүргізбейді, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық валютаға – 30 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға