Жаңалықтар

Ұлттық Банк макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты
Ұлттық Банк макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады
Фото: 7kun.kz 24.11.2022 15:47 1335

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылдың қараша айында сарапшылар қоғамдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары жоқ екенін атап өткен маңызды. Ол нарықтағы кәсіби қатысушылардың ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалды дамытуға қатысты тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне шолу жасауды білдіреді, делінген хабарламада.

2022 жылғы қазандағы сауалнаманың нәтижесімен салыстырғанда, қараша айында респонденттердің күтулері біршама өзгерді. Мәселен, 2023 және 2024 жылдарға мұнай бағасына қатысты күтулер жақсарды. Инфляция бойынша 2022 және 2023 жылдарға арналған болжамдардың медиандық мәндері тиісінше 18,5%-дан 19%-ға және 11%-дан 11,2%-ға дейін арту жағына өзгерді.

Базалық мөлшерлеме төңірегіндегі 2022 жылға арналған медиандық болжам респонденттердің базалық ставканы одан әрі арттыру бойынша көтерілуін күтетінін көрсете отырып, бір жылда орта есеппен 13,9% деңгейінде сақталды. 2023 жылға арналған базалық мөлшерлеменің болжамы да сақталды (12,4%), бұл нарықтың инфляция төмендегеннен кейін ақша-кредит талаптарының біртіндеп жеңілдетілуін күтетінін көрсетеді.

2024 жылға ставка бойынша болжам 9,8%-дан 9,5%-ға дейін біршама төмендеу жағына қарай қайта қаралды. Қазақстан экономикасының өсуі бойынша талдаушылар жасаған болжам биылғы тамыздан бастап өзгеріссіз қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға