Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
05.12.2022 14:18
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

