Жаңалықтар

Ұлттық Банк алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескерту жасады

Ұлттық Банк алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.07.2023 18:30 831

Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялық қызметпен және фишингтік шабуылдармен байланысты алаяқтық схемалардың көбейіп келе жатқандығы туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар қаржылық дамудың жалған бағдарламаларын, сондай-ақ биржалық саудада тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнама роликтері бар сайттар мен ұялы қосымшаларды іске қосады.

Мұндай алаяқтық сайттарда белгілі тұлғалардан, атап айтқанда өздерін Ұлттық Банктің «қызметкерлеріміз» деп таныстыратын қаржы ұйымдарының қызметкерлері тарапынан жалған ақпарат, қолдан жасалған лицензиялар мен басқа да құжаттар ұсынылуы мүмкін. Тағы басқа алаяқтар топтары фишингтік шабуылдар бойынша жасырын деректерді заңсыз жинаумен айналысады,- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Осыған байланысты, Ұлттық Банк ҚР азаматтарын өздерін Ұлттық Банктің өкілдеріміз немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп атайтын адамдардан күмәнді қоңырау немесе электрондық хаттар қабылдаған кезде абай болуға шақырады.

Осы орайда Ұлттық Банк телефон немесе электрондық пошта арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін сұрамайтынын еске саламыз. Сондықтан ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей дербес деректеріңізді бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ұлттық Банк  инвестиция арқылы  жылдам табыс табу жөніндегі ақпаратты қамтитын сайттарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін жеткізеді. Себебі:

  • Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді;
  • Ұлттық Банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;
  • алаяқтық ресурстар қысқа уақыт ішінде жоғары пайдаға жалған кепілдік беретін ақпаратты қамтиды, сондай-ақ байланыс құралдары көрсетілмейді;
  • алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді түрде қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады;
  • іс жүзінде активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.
  • Сонымен қатар, Ұлттық Банк ұялы қосымшаларды орнатпауды, дербес деректеріңізді жария етпеуді, ұялы телефонға қашықтан қол жеткізуді ұсынбауды және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың шоттарына аудармауды өтінеді», - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға