Жаңалықтар

Ұлттық академиялық кітапханада кітап және иллюстрациялық көрме ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада кітап және иллюстрациялық көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 05.01.2024 18:31 1367

Ұлттық академиялық кітапханасы 2024 жылды «Тұғыры биік тұлғалар» атты дәстүрлі кітап және иллюстрациялық көрмеден бастады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көрмеде мерейтойлары республика көлемінде және ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін тарихи тұлғалардың, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кітаптары, мұрағат құжаттары, фотосуреттері қойылған.

Тақырыптық көрмелер Алашорда қозғалысының негізін салушылардың бірі М.Тынышбаевқа (145 жас), қазақтың белгілі ақыны Қ.Әзірбаевқа (140 жас), ұлы жазушылар – С.Сейфуллинге, І.Жансүгіровке, Б.Майлинге (130 жас) арналған.

Кітапханаға келушілер қазақтың тұңғыш академигі Қ.Сәтбаевтың (125 жас) ғылыми еңбектерімен, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Ә.Қастеевтің (120 жас), қазақ өнерінің жұлдызы, дарынды актер және режиссер Ш.Айманов (110 жас), Ұлы Отан соғысының батырлары Р.Қошқарбаев пен Ә.Молдағұловаға (100 жас) арналған құжаттармен таныса алады.

Көрмеге қазақ балалар жазушысы, балалар туралы көптеген шығармалардың авторы, жүз жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатқан ақын, сценарист Б.Соқпақбаевтың шығармашылық мұрасы да қойылған. Б.Соқпақбаевтың ең танымал «Балалар әдебиеті» баспасынан жарық көрген «Менің атым Қожа» повесі, кейін орыс тілінен әлемнің 68 тіліне аударылып, Францияда, Польшада, Чехословакияда, Болгарияда басылған. Ол бір жыл жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға