Getty Images

Ұлттар лигасының финалында жанкүйер қаза тапты

09.06.2025 14:57

Испания мен Португалия құрамалары кездескен УЕФА Ұлттар лигасының финалдық матчында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл туралы AFP агенттігі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға матчтың қосымша уақытында болған. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл әрекет еткенімен, биіктен құлаған ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Көрерменнің құлауына байланысты оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыздар:

Айта кетейік, Португалия құрамасы пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ойынның негізгі және қосымша уақыты 2:2 есебімен аяқталған болатын. Осылайша, Португалия құрамасы тарихында екінші мәрте Ұлттар лигасының чемпионы атанды.