Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға шықты
15.06.2023 10:30
Фото:
instagram.com/euro2024
Футболдан Хорватия құрамасы UEFA Ұлттар лигасы финалына берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хорватиялық футболшылар жартылай финалда Нидерланд құрамасымен кездесті. Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен аяқталды.
Нидерланд сапынан Дониэлл Мален – 34, Ноа Ланг 96-минутта мергендік танытса, оған хорватиялық Андрей Крамарич – 55, Марио Пашалич 72-минутта екі голмен жауап қайырды. Ал қосымша кезеңде Бруно Петкович – 98, Лука Модрич 116-минутта пенальтиден соққан голы қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, Хорватия қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, финалға шықты.
Енді маусымның 15-нен 16-на қараған түні Испания мен Италия финалдың екінші жолдамасын алу үшін ойын өткізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

