Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды
11.01.2025 10:13
Фото:
©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасымен ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан тұрғыны осы жылдың жазында мас күйінде бола тұра, әртүрлі елдердің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған «Чат рулетка» қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.
Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.
Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді.
Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

