Жаңалықтар

«Үлкен сомада қарызы болған»: Түркістан облысында 23 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті

«Үлкен сомада қарызы болған»: Түркістан облысында 23 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.02.2024 22:15 1380

Түркістан облысы Келес ауданында 23 жастағы тұрғын үйінен шығып, қайтып оралмаған. Жас жігіттің үлкен сомада қарызы болған екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға жігіттің әкесі хабарласқан. Айтуынша, ұлы кешкі сағат 21:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ата-анасы ұлдарын бір күн бойы өздері жан-жақты іздеп таппағаннан соң полицейлердің көмегіне жүгінген.

Хабарламаны алғаннан кейін іздеу жұмыстарына еріктілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Екі күнге созылған жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесіндетұрғын көршісінің үйінен табылды делінген облыстық ПД мәліметінде.

23 жасар жігіттің жеке басында үлкен сомада қарызы болған. Ол жағдайды ата-анасына айтуға қорқып, үйінен кетіп қалған. Барар жері болмаған ол жалғыз өзі тұратын көршісінің бір бөлмесінде екі күн жасырынып жатқан.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға