Үлкен ауылының тұрғындары референдумда бірінші болып дауыс берді
Фото: t.me/rskalmombl
Фото: t.me/rskalmombl
06.10.2024 07:49
352
Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек, – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.
Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға