Жаңалықтар

Үлкен ауылында референдумға дауыс берушілердің 97%-ы қатысты

Үлкен ауылында референдумға дауыс берушілердің 97%-ы қатысты
Фото: Ақмола облысының ӨКҚ 06.10.2024 22:02 410

Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі дауыс беру күнінде айтарлықтай белсенділікпен ерекшеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімінде 1096 тұрғын тіркелген болса, олардың 1066-сы дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл жалпы дауыс берушілердің 97%-ын құрайды, бұл ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

Таңертеңнен  бастап тұрғындар референдум учаскесіне келе бастады. Дауыс беру процесіне қатысқан ауыл тұрғындарының бірі, жеке кәсіпкер Рахима Қайырбекова, референдумның маңызы туралы өз ойын бөлісті.

Бүгінгі референдум – ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Халық өз болашағына қатысты шешімдерді өзі қабылдай алатынын түсінуі керек. Біз әрбір дауысымыз арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосып отырмыз. Бүгінгі таңдауда мені азаматтық борышым  алға жетеледі, – деді ол.

Үлкен ауылының тұрғындары елдегі маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдау жауапкершілігін сезініп, бірлікпен референдумға қатысты. Белсенділік тек бұл ауылда ғана емес, жалпы аудан бойынша да жоғары болды. Жамбыл ауданындағы 77-ші референдум учаскесі де өз жұмысын қарқынды жүргізді,  сайлаушылар толассыз дауыс беруге келді.

Бұл көрсеткіштер халықтың болашаққа деген жауапкершілігі мен елдегі демократиялық процестерге деген қызығушылығын айқын аңғартады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға