Жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі көтерілді

Үлкен Алматы өзенінде су деңгейі көтерілді
Фото: El.kz 12.06.2023 05:25 772

Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған қардың қарқынды еруі мен аптап ыстық себеп болған.

Салдарынан өзен ернеуінен асып, көшелерге жайылды. Синоптиктердің болжауынша, қалада аптап ыстық алдағы күндері де сақталады. Ағынның тасу қаупі жоғары. Сол себепті мамандар тұрғындарға өзен арнасынан алыс жүруді ескертеді. Үлкен Алматыға су Қаскелең өзенінен келеді. Күнделікті кешкі 6-дан түн ортасына дейін су деңгейі көтеріледі.

Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі мореналық көлдердің еруімен байланысты емес. Қазіргі уақытта көлдер қысқы режимнен шығып, мұзбен жабылған. Осыған байланысты қала халқы мен инфрақұрылымына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай Алматы қаласы ТЖ және Қазселденқорғау департаментінің тұрақты бақылауында, - деп мәлімдеді қалалық ТЖД басқарма бастығының м. а. Нұрсұлтан Алдоңғаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға