Жаңалықтар

Уланып қалдым деген күдік қана болды- Ермұрат Бәпи

Уланып қалдым деген күдік қана болды- Ермұрат Бәпи
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 02.09.2024 11:12 503

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи  ауырып қалғанын, қазіргі таңда нақты диагноз әлі белгісіз екенін айтқан еді. Бүгін осыған қатысты Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген сауалында жауапб берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оншақты күн диагностикада болдым. Дәрігерлер ағзадағы бір-біріне қарама-қайшы препараттардың қақтығысы (конфликт) деді. Уланып қалдым деген ой болған емес. Жай ғана күдік болды, - деді Ермұрат Бапи.

Мәжіліс депутаты осы айдың соңында тағы да емделуге баратынын айтты.

Еуропаға баруға сылтау қажет емес. Қазақстанда нақты диагнозым анықталмады. Үш бірдей клиникада қаралдым. Содан соң Еуропаға кетуге мәжбүр болдым. Өте қауіпті сырқат. Қазірдің өзінде ауық-ауық қайталанып тұратыны бар. Бұл проблемаға бей-жай қарауға болмайды, - дейді ол.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға