©Pixabay.com

Уланған жартылай фабрикаттарды жейміз деп алты адам көз жұмды

АҚШ-та дайын макарон өнімдерінен тараған листериоз індеті салдарынан алты адам көз жұмып, тағы 25 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы NBC News телеарнасы хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Листериоз – тағам, жануарлармен немесе адамдармен тікелей байланыс арқылы, сондай-ақ ауа-тамшы жолымен жұғатын жұқпалы ауру.

Қазір кері қайтарылған дайын макарон өнімдерімен байланысты листерия індетінен алты адам қайтыс болып, 25 адам ауруханаға жеткізілді. Жалпы 27 адамның ауру жұқтырғаны анықталды, олардың 25-і госпитализацияланған, – делінген хабарламада.

Аурудың алғашқы жағдайлары АҚШ-тың 18 штатында тіркелген. Олардың қатарында Калифорния, Флорида, Невада, Орегон және Техас бар. Осыған байланысты FDA тұрғындарға «тоңазытқыш пен мұздатқыштағы күмәнді тағам өнімдерін тексеруге» шақырды.