Ijf.org

Ұлан-Батыр Гранд Слэмі: Қазақстан дзюдошылары екінші жарыс күнінде жаппай жеңілді

26.07.2025 19:10

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ерлер арасында 73 келіде татамиге шыққан Саят Сейітқалиев алғашқы белдесуінде оңтүстіккореялық Хвигон Кимге есе жіберді. Ал 81 келіде Мейіржан Жұмабек алғашқы белдесуінде моңғол балуаны Батсугар Гансүхтен айласын асырғанымен, екінші айналымда IJF құрамасының балуаны Адам Цехоевқа жол берді. 

Аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде белдескен ұлттық құрама балуандары жаппай жеңілген болатын. Сондай-ақ, Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев үздік үштікке енген еді