Ijf.org

Ұлан-Батыр Гранд Слэмі: Бүгін күресетін Қазақстан дзюдошылары кімдер

27.07.2025 06:26

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан жалғыз балуан ғана сынға түспек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

-90 келіде Әнуарбек Ермахан жарыс жолына шығады. Ол алғашқы айналымда бос болып, екінші кезеңде Грузия және Моңғолия балуандары жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Егер жеңіске жетсе, ширек финала Қытай және IJF балуандарының бірімен кездесуі мүмкін. 

-100 келіле ұлттық құрама сапынан аталған турнирде еш балуан күреспейді. Ал аса ауыр салмақта да бапкерлер Моңғолия астанасына еш балуанды апармады. 

Бұған дейін құрама спортшылары алғашқы екі күнгі жарыс нәтижесі бойынша ешқандай жүлдеге қол жеткізе алмаған болатын. Бұдан бөлек, Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев үздік үштікке енген еді