Жаңалықтар

Украиндағы соғысты қолдаған депутат «Ақ жол» партиясынан шығарылды

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлім етті
Украиндағы соғысты қолдаған депутат «Ақ жол» партиясынан шығарылды
Фото: parlam.kz 19.01.2023 13:01 1090

Бүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты  Азамат Әбілдаевтың  журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да  бұзып тұрғанына баса назар аударды.

Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.

Ұлттық кеңес шешімі бойынша А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады", - делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға