Украинаның Қазақстандағы елшісі тағайындалды
08.04.2025 09:21
Фото:
Украинаның Түрікменстандағы елшілігі
Владимир Зеленский Қазақстандағы Украинаның жаңа елшісін тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Украина президенті Виктор Майконы Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл қызметке келмей тұрып, Виктор Майко Украинаның Түрікменстандағы елшісі болған.
Қазақстандағы Украина елшісінің орны 2022 жылдың қазан айынан бері бос тұрған еді. Сол кезде елші Петр Врублевский дипломатиялық жанжалдан кейін қызметінен босатылған еді.

