Жаңалықтар

Украиналық келіншек Шымкенттегі периниталдық орталықта босанды

Украиналық келіншек Шымкенттегі периниталдық орталықта босанды
Фото: Видеодан кадр 28.05.2024 08:45 534

Күйеуінің жұмыс бабымен Шымкентке келген украиналық келіншек бала босанды. Диана Щебетун толғағы қысып, жедел жәрдем қызметімен перинаталық орталыққа жеткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат. 

Жүктіліктің 33 аптасында мерзімінен бұрын босанған әйелдің нәрестесіне дәрігерлер шұғыл операция жасады. Сәбиге «өңештің артрезиясы» диагнозы қойылған. Өңештегі туа біткен ақауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өткен. 

1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері үйіне шығарды. 

Қалалық әкімдіктегілер барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілгенін айтты. 

Айта кетсек, Украинадан келген  азаматшаның мамандығы - дәрігер. Жолдасы «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға