Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптаймыз – Тоқаев
EL.KZ Информационно-познавательный портал
04.04.2025 12:00
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде сөйлеген сөзінде Украинадағы жағдайға қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаға қатысты келіссөз процесіне қолдау білдірді.
Қазақстан кез келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды. Сондықтан Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптаймыз. Мәселенің күрделі екенін түсінеміз. Дегенмен шиеленіс оң шешімін табады деп үміттенеміз, – деді Президент.

