Украинада қаза тапқан балалар саны жарияланды
28.06.2022 23:15
1116
Украинаның Бас прокуратурасы елдегі қақтығыс салдарынан қаза тапқан балалар санын жариялады, деп хабарлайды El.kz
Ведомство мәліметінше, Украинада 341 бала көз жұмған.
– 2022 жылғы 28 маусымдағы ақпарат бойынша Украинада Ресей Федерациясының қарулы агрессиясы салдарынан 963 бала зардап шекті. Ювеналды прокурорлардың ресми ақпараты бойынша 341 бала қаза тауып, 622-ден аса адам жарақат алған, - деп хабарлады Бас прокуратура.
Сондай-ақ елдің қай өңірлерінде зардап шеккен балалар саны көп екені айтылды.
- Донецк облысы – 336 бала,
- Харьков облысы – 183 бала,
- Киев облысы – 116 бала,
- Чернигов облысы – 68 бала,
- Луганск облысы – 57 бала,
- Херсон облысы – 52 бала,
- Николаевск облысы – 48 бала,
- Запорожск облысы – 31 бала,
- Сум обылсы – 17 бала.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысын қабылдады