Украинада Жоғарғы Раданың экс-депутатын белгісіз біреу атып кетті
20.07.2024 00:35
Фото:
© El.kz
Украинаның Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионның өміріне қастандық жасалды. Белгісіз біреу оның басынан оқ атқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жергіліктің тележурналист Марта Олиярник Facebook парақшасында жазды. Автордың мәліметінше, оқиға Масарық көшесінде болған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, экс-депутатқа қарумен шабуылдаған адам қолғап киген және қару дыбыс өшіргішсіз болған. Ирина Фарионды жедел жәрдем қызметі дереу ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы туралы әзірге белгісіз",-деп жазды тележурналист.
Львов қалалық кеңесінің депутаты Игорь Зинкевичтің жазуынша, Ирина Фарионның жағдайы өте ауыр.
Бұрынғы депутаттың өміріне қастандық жасалынғанын полиция растаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

