Украинаның Чернигов қаласында орналасқан бұрынғы «Ертегі» саябағының атауы өзгертіліп, енді ол АҚШ президенті Дональд Трамптың атымен аталатын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шешім қалалық кеңес отырысында қабылданғанын Oxu.Az агенттігі «Страна.ua» басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Ресми құжатта атап өтілгендей, «Трамп саябағы» атауы Чернигов қаласының әлемге ашықтығын, үміт пен алғыс сезімін білдіреді.
Бұл атау - Чернигов қаласының ерлігі мен әлемге деген сенімінің белгісі, сондай-ақ достық пен ынтымаққа шақыру, - делінген түсіндірме жазбада.
Айта кетейік, Чернигов — Ресей-Украина соғысы кезінде қатты зардап шеккен, бірақ беріктігімен танылған қала. Жергілікті билік мұндай бастама арқылы қаланың бейбітшілік пен халықаралық серіктестікке ұмтылысын көрсетуді көздеп отыр.

