Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы: конкурсқа құжат қабылдау жалғасуда

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы: конкурсқа құжат қабылдау жалғасуда
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 27.08.2024 20:23 285

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі.

Айта кетейік, кейінгі 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41 +701 769 23 14

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға