Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар байқауы жарияланды

Биыл ҮЕҰ-ға бөлінген грант саны – 47
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар байқауы жарияланды
Фото: gov.kz 17.01.2023 12:44 1205

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес 6 сала бойынша 47 мемлекеттік грант, оның ішінде 22 қысқа мерзімді, 16 орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба іске асырылатын болады», – деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Ғалым Құрман.

Ол сондай-ақ, 2023 жылға арналған республикалық бюджет қаражатынан бөлінген гранттардың жалпы сомасы 1 млрд 292 мың теңгені құрайтынын атап өтті.

«Биылғы жылы ҮЕҰ-дан өтінімдерді біз гранттар берудің жаңа ережелеріне сәйкес қабылдаймыз. Жаңа механизм шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өздері мәселені шешу жолдарын ұсынатын «төменнен жоғарыға» тәсілі енгізілуде. Қысқа мерзімді гранттарды іске асыру мерзімі үш айдан 12 айға дейін, орта мерзімді гранттарды бір жылдан екі жылға дейін құрайды. Ал ұзақ мерзімді гранттар 2 жылдан 3 жылға дейін жүзеге асырылады», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға