Жаңалықтар

Үкіметте жаңа ЖЭО-ларды іске қосу талқыланды

Үкіметте жаңа ЖЭО-ларды іске қосу талқыланды
Фото: Primeminister.kz 22.09.2023 20:12 665

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте электр энергетикасы, оның ішінде ЖЭК саласындағы жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері ұлттық энергетикалық желіні дамыту, жаңа энергия объектілерін іске қосу, қолданыстағы станцияларды жаңғырту және газға көшіру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, Көкшетауда ЖЭО және Семейде ЖЭО-3, Қызылорда мен Түркістанда бу-газ қондырғыларын салу, сондай-ақ Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Екібастұз ГРЭС-2-ні қайта құру және т. б. мәселелер қаралды.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің, атап айтқанда гидроэнергетика жобалары талқыланып, шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық жоспарлары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға