Үкіметте Оңтүстік Кореяның энергетикалық компания басшылығымен кездесу өтті
22.10.2023 12:34
Фото:
primeminister.kz
Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Кимнің кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды.
Атап айтқанда, Doosan Enerbility компаниясы Қазақстандағы энергетикалық мәселелерді экологиялық таза технологиялар арқылы шешудің нұсқаларын ұсынды. Компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

