Үкіметте ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу мәселесі талқыланды
05.01.2024 17:48
Фото:
Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, сондай-ақ тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

